Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі


©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстанның оңтүстік-батысында найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады.
"Қазгидромет" орталығы 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.
Қостанай облысының солтүстігінде және батысында жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
Ақмола облысының солтүстігі мен батысында жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Алматы облысының Алакөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін соғады. Өңірдің шығысында тұман түсуі ықтимал.
Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жел секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы өңірлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейеді.
Атырау, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін соғады. Маңғыстау облысының батысында және солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғып, облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды.
Бөлісу