ШҚО-да рельстен шығып кеткен жүк вагондары өзенге батып кетті


Видеодан кадр
Шығыс Қазақстан облысында жүк тиелген 18 вагон рельстен шығып кетті.
Вагондардың бір бөлігі Ертіс өзеніне құлаған, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Шығыс Қазақстан облысының Өскемен — Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз сағатына 37 км жылдамдықпен жүрген. Руда тиелген екі вагон Ресей Федерациясының меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон "КазцинкТемірТранс" ЖШС-не тиесілі", — деді "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
Қазір оқыс оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Әзірге белгілісі, зардап шеккен ешкім жоқ.
Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп-анықтау үшін "ҚТЖ "ҰК"АҚ басшыларынан комиссия құрылды,
Жүк тиелген вагондардың құлаған сәтінен түсірілген видео Instagram-дағы Oo_osa_semey_vko парақшасында жарияланды.
Бөлісу