Блогер

Мұрат Әбділдәнің ісінен кейін атышулы "Қара қатын" былапыт сөзден сап тиылды

Ержан ШАЙЖАН

Мұрат Әбділдә / Гүлнәр Түлекова

Ғаламторда “Қара қатын Қолтықшаш” атымен танымал блогер рамазан айында дұрыс жүріп, дұрыс тұруға уәде берді. Алайда оның бұл әрекетін Мұрат Әбділдәнің қамалуымен байланыстырып жатқандар көп.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Қара қатынның азан шақырып қойған аты — Гүлнәр, деп хабарлайды Экспресс К.

Тараздық Гүлнәр Түлекова бейпіл сөздерімен, ерсі биімен танымалдылыққа ие болған блогер. Оның Instagram парақшасында 70 мыңнан астам оқырманы бар. Өзін "Ұлы дала қатыны", "Қара қатын Қолтықшаш" деп таныстыратын ол дұрыс жолға түскенін, ескі әдеттерін тастағанын жеткізді.

Ораза қабыл, сауабы мол болсын. Осы айда жақсы жағынан көрінуге тырысамын. Уағыз айтамын, жақсы сөз айтамын. Боқтамауға әрекет етемін,

— деді Гүлнәр Түлекова.

Алайда атышулы блогердің бұл сөзіне иланғандар некен-саяқ. Олар Гүлнәрдің бұл әрекетін Мұраттың қамалуымен байланыстырып отыр.

"Тәубесіне келгені жақсы болыпты", "Енді Мұраттың сотталып кетуіне байланысты өзің де бейәдеп сөздерді айтуға қорқатын боларсың. Жақсы, үлгілі сөз- Алладан, жаман сөз-сайтаннан", "Бір оразада ғана жақсы жағынан көрінбей, қалған 11 айда да адам болып қалғаның дұрыс!", "Байқа, жаман сөз айтпа!", — деп түрлі пікір жазды желі қолданушылары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров