Newscorr

Алматы маңында "ақылды" жүргізушілер қарсы жолда артпен жүретін болған

Экспресс К

Видеодан кадр

Жүргізушілер қалаға кіребестегі кептелісті айналып өтудің жаңа амалын тапты. Newscorr тілшісі «ең ақылды» адамдардың әрекетін видеоға түсіріп алды.

Newscorr сервисі арқылы видео жіберген азаматтың айтуынша, жүргізушілер Қаскелең қаласы мен Алматы ортасындағы ұзын-сонар кептелісті қарсы бағытқа шығып айналып өтіп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Дегенмен, кейбір жүргізушілер бұл қу әрекеті арқылы өздерінің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіріп отыр. Автордың сөзіне қарағанда, бұндай көрініс күнде қайталанады. Оның үстіне, видео авторының айтуынша, шамамен үш шақырымнан кейін қалыпты жол басталады.

Экспресс К редакциясы осы видеоны полиция департаментіне жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, қазір кез келген адам оқыс оқиға немесе ерекше көрініс көрсе, оны видеоға түсіріп, Newscorr сервисіне арқылы біздің редакцияға жолдай алады. Жарияланған әрбір видео авторы шамамен 100 000 теңгеге дейін гонорар ала алады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров