Айтыс

"Кішкентай". Айтыскер әйел қарсылас еркектің мүшесін айтып жер қылды

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Дастархан басында айтысқан ер мен әйел қонақтарды күлкіге қарық қылды. Екі ақын домбырасыз, суырып салып, айтып жатыр.

Қызықты айтыс жасағандардың кім екені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Эротикалық сарында сөз жарыстырған ер мен әйел көптің айызын қандырды. Олар бір-біріне қырындағанын астарлап жеткізеді. Екі ақынның нені меңзегенін түсіну аса қиын шаруа емес.

Кетсе де кете берсін қатынымыз, Шабытыңды Бәтимә шақырыңыз. "Бұйырмасқа бұт тимес" — деген осы, Бұйырмады, амал жоқ тақымыңыз,

— дейді ер адам.

Өз кезегінде әйел де қарап қалмай, қарымтасын қатырып жатыр. Ал отырған қонақтар қыран-топан күлкіге қарық болып, оларға құрмет көрсетуде. Бейнежазбаның қайда, қашан түсірілгені туралы нақты ақпарат жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров