Су тасқыны

Ақтөбе облысында су тасқынынан жол қатынасы тоқтады

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Ақтөбе облысында бірқатар республикалық, облыстық маңызы бар жолдарды су шайып кеті.

Ақтөбе мен Қандыағаш арасындағы айналма жолды су шайып кетті, деп хабарлайды Экспресс К.

"Ақтөбе-Астрахань" тас жолының Ақтөбе мен Қандыағаш арасындағы айналма жолды су шайып кетті. Соның салдарынан жолаушылар орта жолда қалып қойды. Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Асқарұлының мәліметінше, жолаушылар қауіпсіз жерге тасымалданды.

Облыс аумағында төрт жолақты "Ақтөбе-Астрахань" тас жолы салынып жатыр.

Әлі құрылыс толық аяқталған жоқ. Көпірлер салынып жатыр. Сондықтан тұрғындар кейбір жерлерде көтерме жол арқылы өтеді. Орта жолда қалған жолашылар Қандыағаш қаласына жеткізді,

— деді Ерік Асқарұлы.

Сонымен қатар, жолда қалған отыздан аса жүк көлік жүргізушілеріне азық-түлік пакеттері берілген. Қазір бұл аймақтарда көлік қозғалысы шектелді.

"Ақтөбе-Орск" тас жолынының, Шәмші Қалдаяқов ауылының тұсындағы бөлігін де су шайған. Қазір құтқарушылар жұмыс жүргізіп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров