Жұлдызға әзер қолы жеткен Қайрат Нұртас қуанышын жасыра алмай жүр


instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Танымал әнші Қайрат Нұртас інісінің тойында жары Жұлдыз Әбдукәрімовамен татуласқан болатын.
Жұлдызға қойылымнан кейін гүл сыйлап, інісінің тойына шақырып әзер қолы жеткен Қайрат Нұртас енді қуанышын көпшіліктен жасыра алмай жүр, деп хабарлайды Экспресс К.


Ерлі-зайыптылар тойдан кейін алғаш рет бірге қол ұстасып көшеде серуендеп жүр. Видеоны Қайраттың өзі Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Бейнежазбада өнер иесі жарының қолынан ұстап алған. Кейін Жұлдызды көтеріп алады.
Оқи отырыңыз:
Бұны көрген желі қолданушылары оларға бақыт тіледі.


"Бақытты болыңдар". "Балаларыңның жүрегін ауыртпай, бірге болыңдар"," Енді ұрсыспаңдар" ,
"Қайрат әйелінен ажырасты" деген қаңқу сөз осыдан бір жыл бұрын әлеуметтік желіде тарады. Тіпті жұлдызды жұптың бірге тұрмайтынын әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова да растаған еді.
Экспресс К бұған дейін әнші Қайрат Нұртасты Қостанайда ұрып кетті деген жалған ақпарат тарағаны жайлы жазды. Осы хабарға қатысты Қостанай облысы Полиция Департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков түсініктеме берген еді. Ал Жұлдыз болса өзін Айдарбековтер әулетіндегі өзге келіндермен салыстыру орынсыз деп санайды.
Бөлісу