Атыс

Алматыда беделді дәрігер Юрий Шумковты атып өлтірген жігіт ұсталды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Қанды оқиға Бостандық ауданында болған. Сағат 9:00 шамасында "102" нөміріне тұрғындар хабарласып, атылған мылтық дауысын естігендерін айтқан.

Полицейлер оқиға орнында 1975 жылы туған азаматтың өлі денесін тапқан, деп хабарлайды Экспресс К

Марқұм аңшы мылтығынан атылған оқтан өлген. Бұл қылмысты істеді деген күдікті көп кешікпей Алматының Алатау ауданында қолға түскен. Одан аңшы мылтығы табылып, тәркіленген.

Күдікті ізін жасырмақ болғанымен, жедел шаралардың арқасында көп уақыт өтпей қолға түсті. Қазір оны адам өлтіруге не итермелегені анықталып жатыр,

— дейді Алматы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов.

Кейін қаза тапқан азаматтың Юрий Шумков екендігі анықталды. Оның есімі алматылықтарға жақсы таныс . Білікті дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты атанған Шумков гастроэнтерология саласының мықты маманы еді. Ол талай науқастың ауруынан айығып кетуіне көмектескен болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров