Терме

Термені радиодан бір-ақ рет тыңдап жаттап аламын - көлік жөндеуші

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Мұрат Әбілов/Видеодан кадр

Қызылорда қаласының 36 жастағы тұрғыны Мұрат Әбілов көлік жөндеуші болып жұмыс істейді. Бірақ оның туа біткен таланты қазір көпшілікті қайран қалдырып жүр.

Экспресс К тілшісі Сырдың мақамын нақышына келтіріп, терме айтатын көлік жөндеушімен сұхбаттасып көрді.

Мұрат Әбілов Арал ауданының тумасы. 36 жастағы азаматтың 3 баласы бар. Қазіргі кәсібі көлік жөндеу. Таңнан-кешке дейін өзі жалға алған көлік оңдайтын орталықта жұмыс істейді. Шебердің қолынан тек көлік жөндеу ғана келмейді екен. Мұрат Әбілов жырлағанда, өнерпаздардың өзі таң қалады.

Мұрат Әбілов/Жеке мұрағатМұрат Әбілов/Жеке мұрағат
Мұрат Әбілов/Жеке мұрағат

Мұраттың көлік жөндеп жүріп, терме айтқан сәті әлеуметтік желіде тараған еді. Көпшілік танылмаған таланттың өнеріне сүйсінген.

Мұраттың айтуынша өнерге деген жақындық ата-анасынан дарыған. Әкем де, нағашы атам да термені керемет орындайтын дейді ол. Ал өзі әскерге барғанша, радиода орындалған термелерді бірден жаттап алатын қабілеті болған екен.

Радиода қосылған термелерді бір тыңдап жаттап алатынмын. Сосын айтып отыратынмын. Әсіресе ақтөбелік термешілердің орындауларын көп тыңдадым. Нұртуған, Бекұзақтардың термесін жатқа білетімін. Қазір бала-шағаның қамы деп шауып жүргенде көбін ұмыттым,

— дейді көлік жөндеші Мұрат.

Мұрат Әбілов/Жеке мұрағатМұрат Әбілов/Жеке мұрағат
Мұрат Әбілов/Жеке мұрағат

Ашық, жағымды дауыс, жырды тез жаттап алу өзіне берілген Құдайдың сыйы деп біледі Мұрат. Бір қызығы ол термені керемет орындағанымен, бірде-бір музыкалық аспапта ойнай алмайды екен.

Мұрат Әбілов/Жеке мұрағатМұрат Әбілов/Жеке мұрағат
Мұрат Әбілов/Жеке мұрағат

Мұраттың айтуынша әскерден келе сала үйленіп отбасылы болған. Кейін екі қолға бір күрек іздеп, көлік жөндеумен айналысып кеткен. Күнделікті күйбеңмен біраз жырларды ұмытып қалдым дейді ол. Бірақ алдағы уақытта домбыраны үйреніп, сахнаға шықсам деген жоспары бар көрінеді.

Бұрындары той-жиынға барып бір-екі рет өнер көрсеткенім бар. Кейін карантин болып, бәрі жайына қалды. Сол жұмысты қайтадан қолға алғым келеді. Өнер жолына түсуді мақсат қылып жүрмін,

— дейді ол.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров