Қылмыс

"Өш алмақ болған". Атырауда ағасының ешкісін ұрлап, сойып алған жігіт сотталды

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Атырау облысының тұрғыны сарайда тұрған ағасының ешкісін ұрлап, сойып алған.

Бұл туралы інісінің үстінен ағасы полицияға арызданған, деп хабарлайды Экспресс К.

Араққа сылқия тойып алған Атырау облысы Қызылқоға ауданының тұрғыны ағасының үйіне келіп, жеңгесімен ұрсысып қалады. Оған дауыс көтеріп, үйден қуып шыққан жеңгесінен өш алмақ болып, қорадағы ешкіні сойып тастаған.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Ол өз қылмысы арқылы туыстарына 10 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген,

— деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Сотта ағасы інісін кешіріп, оған жеңіл жаза тағайындауын сұрады. Қызылқоға аудандық сотының үкімімен айыпталушы ҚК 188 (Ұрлық) бабымен кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде сотталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров