Министрлік

Министр азық-түліктің бағасын білмейтінін айтты

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Ербол Қарашөкеев/©СЦК

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев дүкен мен базардағы азық-түліктің бағасы қанша екенін білмейтін болып шықты.

Оның айтуынша, үйге тамақты әйелі сатып алады, деп хабарлайды Экспресс К.

Министр журналистердің "дүкенге барып азық-түлік алсыз ба, ондағы бағаларды білесіз бе?" деген сұрағына жауап берді.

Мен дүкендерге бармаймын, себебі уақыт жоқ. Үйге азық-түлікті әйелім сатып алады, мен ақшасын ғана беремін. Оған "тек Қазақстанда жасалған тауарлар ал" деген талап қоямын,

— деді министр.

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, оның министрлігі елді азық-түлікпен қажетті деңгейде қамтамасыз етуге ғана жауапты.

Мысалы Түркіменстан, Өзбекстан сияқты елдерден бізге қияр мен қызанақ арзан бағамен келеді. Біз оны бақылап, көріп отырмыз. Бар мәселе оны кейін халыққа таратушы дүкендер желісінде болып тұр. Тауарға бағаны солар қояды. Менің министр ретіндегі басты міндетім — әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткілікте көлемде өндіру, — деді министр.

Бұған дейін Ербол Қарашөкеев еліміздегі ветеринария саласына реформа жасалып, ондағы қызметкерлердің айлығы өсетінір айтқан еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров