Алмазбек Атамбаев

Соттан бас тартқан экс-президенттің денсаулығы күрт төмендеп кетті

Есен ҮРКІМБАЙ

Алмазбек Атамбаев

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың сот залында жағдайы нашарлап, денсаулығы сыр берді. Оған қатысты қазан оқиғасына байланысты сот өткен болатын.

Алмазбек Атамбаевты сот залына әкелген көліктен сүйреп түсірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Sputnik Кыргызстан 1 сәуір күні экс-президент сот залына шақырылғанын жазды. Алайда сотқа жеткізілген ол көліктен түспей қойып, полиция көліктен сүйреп шығарған.

Сот кезінде Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы сыр беріп, дәрігер шақыруға тура келген. Соның салдарынан сот отырысын 5 сәуірге ауыстырды.

Адвокаттың сөзінше, Атамбаевтың түрмедегі жағдайы жақсы.

Маған сот әділ болуы керек. Ал қазіргі соттың барлығы түптеп келгенде цирк қана. Әрдайым сотты менің қатысуымсыз өткізуді сұрап хат жазамын. Батукаев сот болғанда отырысқа қатысқан жоқпын. Солай істегенін қалаймын,

деді Алмазбек Атамбаев.

2020 жылдың маусым айында сот Алмазбек Атамбаевты 11 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Оған қылмыс әлемінің беделді өкілін түрмеден босатты деген айып тағылған. Сол жылдың қазан айында Бішкекте өткен саяси дүмпу кезінде Атамбаевты жақтастары түрмеден алып шыққан еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров