Қайрат Сатыбалды

Қайрат Сатыбалды темір жолдан да ақша жеген

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Қайрат Сатыбалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

Тергеу барысында Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялар кірме теміржол желілерінде ұрлық жасағаны анықталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен еліміздің ірі кәсіпорындарына апаратын кірме темір жолдарына бағаны негізсіз көтеріп, миллиардтаған пайда тапқан. Осындай әрекеттің салдарынан адамдарға қажетті қызметтердің бағасы өскен.

Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Кімнің қаншалықты кінәлі екенін енді сот анықтайды,

— делінген Антикор хабарламасында.

Біз бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлы мен оның бұрынғы әйелінің өзге қылмыстары да әшкере болғанын жазған едік

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров