Ауыз су

Ақтауда бірнеше күннен бері ауыз су беру тоқтатылды

Есен ҮРКІМБАЙ

Pixabay

Ақтауда бірнеше күннен бері ауыз су бірнеше сағатқа тоқтатылып отыр. Бұған қала тұрғындары наразылық танытып, шағым білдірді.

Қаладағы ауыз судың тоқтатылуын жауапты тарап күрделі жөндеумен байланыстырды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақтауда ауыз судың күнұзақ болмауы қала тұрғындарын ашындырып отыр. Осыған қатысты Маңғыстау облысы әкімінің телеграмдағы парақшасында ақтаулықтар жаппай шағым білдірген.

17 ықшамаудан тұрғынымын. Таңертеңнен кешке дейін ауыз су берілмейді. Айтарға сөзіміз жоқ. Ескертусіз бірден тоқтатып тастағанын түсіне алмадық. Шағын ғана қаланы сумен қамти алмау деген ұят,

— деп жазды ақтау тұрғыны.

Алайда Ақтау қаласын сумен қамтамасыз етіп отырған "МАЭК-Қазатомпром" ЖШС директоры Талғат Есентүгелов барлық кілтипан су тазарту қондырғыларын күрделі жөндеуден өткізуге байланысты екенін айтты.

"Жылда "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС бөлімшелерінде пайдаланылатын жабдықтарды аттестаттау жоспарлы түрде өткізіледі. Сәуір айы басталғалы мерзімді аттестаттау жүргізу үшін ауыз су таңертеңнен кешке дейін уақытша өшірілді. Қазір 8 су тазарту қондырғыларының жетеуі жұмыс істеп тұр", — деді Талғат Есентүгелов

Аттестаттау жұмысы аяқталған соң ауыз су қайта берілсе де, тұрғындардың шағымы азаяр емес.

"1 сәуір күні кешке аттестаттау жұмыстары аяқталғаннан соң қаладағы құбырларды толтыру және сумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін 3 ауыз су сорғылары іске қосылды. Алайда сол күні кешкі сағат 23.20-да станциясының арынды су ағатын коллекторында ақау пайда болып, сорғылар уақытша тоқтатылды. Апаттық бригада шақырылып, ақауларды жойылды", — деп түсіндірді суға жауапты мекеме басшысы Талғат Есентүгелов.

Қазір Ақтау бойынша ауыз су берілді. Дегенімен шағымдар легі толастар емес. 4, 16, 17 ықшамаудан тұрғындары күндіз ауыз судың тоқтап тұрғанын жаппай жазып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров