Қазақтелеком

"Қазақтелеком" "Instant Payments" компаниясымен келісімді бұзатын болды

Бек ТӨЛЕУОВ

Pxhere

"Қазақтелеком" АҚ компаниясы төлем жүйесінің операторы саналатын "Instant Payments-пен" келісімшартын үзетін болды.

Бұл компанияның баспасөз қызметі келісімшарт биыл бірінші жарты жылда тоқтайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.

"Қазақтелеком" АҚ "Instant Payments" компаниясымен келісімшартты тоқтататынын хабарлайды. Қазір осы процесс жүріп жатыр. Бұл компаниямен ынтымақтастық бір-екі айда толықтай бұзылады,

— делінген хабарламада.

Бейресми дереккөздерге сүйенсек, "Instant Payments" Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі. Бұған дейін Instant Payments компаниясымен "Қазақстан темір жолы" келісімшартты бұзған.

"Instant Payments" компаниясының ресми сайтында "Қазақтелеком" АҚ төлем жүйесінің операторы екендері жазылған. Соның арқасында байланыс оператор абонентеріне Қазақстанның 18 мыңнан астам сауда орындары онлайн қолжетімді екенін көрсеткен.

"Қазақтелеком" және Instant Payments арасындағы кәсіби серіктестіктің арқасында еліміздің аумағы бойынша қысқа мерзім ішінде байланыс операторы төлем қабылдау қызметін жаңалау мен абоненттерге ыңғайлы және талап етілген сервисті ұсынып отыр,

-делінген ресми сайтта.

Бұған дейін "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау деректері бойынша Қайрат Сатыбалды ұсталып, екі айға қамауға алынған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров