Оразаға отыз пайыз. Жезөкшелердің бағасы арзандады


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Ғаламтор арқылы тәнін саудалайтын түнгі көбелектердің бағасы түсті. Олар клиенттердің рамазан айында аз болатынынан осындай қадамға барғандарын айтады.
ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!
Экспресс К тәнін ақшаға сататын қыздармен тілдесті.
Қызмет көрсететін қыздардың түр-түрін түрлі сайттардан қиналмай-ақ табуға болады. Ойыңыздағы ару мен қиялыңыздағы қызға қалтаңыздан ақшаңызды қисаңыз болды.
Мереке күндері жеңілдік беретін кей дүкендер секілді, оларда да жеңілдік жасайтын күндер бар екен. Бірақ ондай күн жылына тек бір рет кездесетін көрінеді.
"Қазір ораза басталды. Клиенттеріміз барынша азайды десек болады. Бағамызды да 30 пайызға арзандаттық. Өйткені құр жатқанша, сәл де болсын жұмыс істеуіміз керек. Мереке күндері керісінше өзімізді қымбатырақ өткізгіміз келеді. Өйткені адамдардың барлығы ішіп-жеп көңілді жүреді. Ал қазір барлығы тып-тыныш. Тұрақты клиенттер де ораза ұстап жүр", — дейді Мира есімді жезөкше.
Өзін Зухра деп таныстырған қыз керісінше рамазан айында ораза ұстағанын айтады. Сол себепті қызмет көрсетуін бір айға тоқтатқан.
Оқи отырыңыз:
Қазір жұмыс істемеймін. Аузым ораза. Істеген барлық жағымсыз істерім үшін осы айда кешірім сұрап, тәубеге келем. Бұл жұмысқа жетіскеннен келген жоқпын. Өзбекстанда қарт ата-анам балама қарап отыр. Соларға ақша жіберуім керек. Күйеуім тастап кеткен,
Ал Киса есімді қыз ешқандай жеңілдік бермейтінін айтты.
Мен саған жеңілдік беретін дүкен емеспін. Мен тауар емес, тірі адаммын. Сондықтан 1 сағатқа көрсетілген 45 000 мың төле де ал, болмаса мазамды алма,
Жаңалықтарды біздің Aitu арнамыздан оқыңыздар.
Бөлісу