Заңсыздық

Атыраудағы газ құятын компания бағаны заңсыз өсіріп, 2 млрд теңге пайда тапқан

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Атырауда газ құятын компания бағаны себепсіз қымбаттатып, 2 миллиард теңге табыс тапқан.

Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті өңірдегі мұнайгаз саласындағы монополистік ұйымның жолын кесті, деп хабарлайды Экспресс К.

Департамент "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС басшылығына қатысты ҚР ҚК 221-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр,

— делінген хабарламада.

Бұл компания басшылары 2017-2021 жылдар аралығында қайталама көтерме саудада өткізу нарығындағы үстемдігін пайдаланып, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және құю қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілеп, бекіткен.

Олар заңсыз жолмен 2 081 659 968 (2 млрд 81 млн 659 мын 968 теңге) пайда тапқан. Қазіргі кезде осы ақша тәркіленіп, толық көлемде қайтарылған.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер жарияланбайды,

— делінген хабарламада.

Жаңалықтарды біздің Aitu арнамыздан да оқуға боалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров