Балықшылар

Ақтөбеде мұзға түсіп кете жаздаған балықшылар құтқарылды

Кәмшат ҚОПАЕВА

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ақтөбеде полиция қызметкерлері мұзға түсіп, опат бола жаздаған балықшыларды құтқарып қалды.

Облыста ауа-райының күрт жылынуына байланысты су қоймаларындағы мұздар еріп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіОблыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қала маңындағы Ақтөбе су қоймасының беті еріп, шұңқырлар пайда болған. Жұқа мұздың үстін басқан адам бірден суға батып кетеді. Алайда осындай қауіп-қатерлерге қарамастан балықшылар мұз үстіне шығып кеткен.

Полициейлер жұқа мұздың үстінде қалған бірнеше балықшыны жағаға шығарды. Зардап шеккендер жоқ.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіОблыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Осы ретте полиция қызметкерлері тұрғындарға мұздың бетіне шығуға болмайтынын ескертеді. Себебі мұздың қалыңдығы біркелкі емес. Әрі, күн күрт жылынған кезде қалың деген жердің өзі тез ойылып кетеді. Сондықтан тұрғындар су қоймаларына бармағаны жөн.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров