Қаңтар трагедиясы

Қаңтар оқиғасы: подполковникті өлтіргендер қылмысын жасыру үшін мәйітті өртеген

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©AP/Vladimir TRETYAKOV

Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов "қаңтар трагедиясы" бойынша неше адамның сотталғанын мәлімдеді.

Оның мәліметінше, барлығы 152 адам сотталып, 17 адам бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Алматы трагедиясына қатысты қазір 262 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның ішінде 44 іс терроризм актісі, ал 47 іс жаппай тәртіпсіздік бойынша қозғалған. Осылайша жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, оған қатысқты деген күдікпен 547 адам ұсталған. Оның 269-ы қамауда. Жалпы ел бойынша 3702 қылмыстық істі тергеліп жатыр. Оның басым көпшілігі ұрлық, тонау, қаруларды жымқыру және басқа да қылмыстар.

Осы қылмыстар үшін 152 адам сотталды. Кінәсін мойындап, келтірген залалды өтеген 135 азамат бас бостандығын шектеуге және қоғамдық жұмысқа тартылды. Ал қару ұрлап, оны сақтап, ауыр қылмыс жасаған 17 адам бас бостандығынан айырылды,

— деді Елдос Қилымжанов.

Оның айтуынша, Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қызметтік борышын орындау кезінде 19 әскери ерлікпен қаза тапқан.

"Мәселен Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын күзетуге қатысқан қарусыз әскери қызметші подполковник Хайыров ерекше цинизммен өлітірлген. Оның денесі ғимараттың төбесінен табылды. Қылмыскерлер оның зорлық-зомбылықпен өлтіріп, айғақтарын жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген. 39 жастағы әскери қызметшінің артында әйелі және кәмелетке толмаған 2 баласы қалды", — деді Бас прокуратура өкілі.

Бұдан бөлек 5 қаңтарда Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы 2 полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 3 департаментінің басшылары қаруға толы ғимараттарын тастап кеткен. Оларға қатысты "қызметтегі әрекетсіздік бойынша" қылмыстық істер қозғалды.

Сондай-ақ 1 және 2 сәуірде Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары мен Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Елдос Қилымжанов айтуынша, тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.

Рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданудың барлық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Арнайы прокурорлар ең резонанстық 10 жағдайды тергеп жатыр. Осы істер аясында ҰҚК 8 және полицияның 1 қызметкері ұсталды,

— деп мәлімдеді ол.

Бұған дейін депутаттар қаңтарда қаза болған 230 адамның тізімін жариялауды талап еткен еді.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров