"Алтын Орда" арбашылары полицияның "жемтігіне" айналған

Экспресс К

Видеодан кадр

Алматы полицейлері "Алтын орда" базарында арба сүйреп, адал ақша тауып жүрген қара жұмысшыларды ұстап жатыр.

Бейнежазбаны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп, Newscorr қызметіне жолдады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбада арба сүйреген жұмысшылар алды-артына қараймай қашып бара жатқанын көреуге болады. Жұмысшылардың айтуынша, полицейлер күнде жүк тасып нәпақа тауып жүрген қара жұмысшыларды ұстап, айыппұл салады екен. Қазір атышулы базар Алматы қаласының меншігіне өткен.

"Жұмысшылармен сөйлестім. Көбі шетел азаматтары екен. Бірақ өздерін қазақпыз деп қояды. Полицейлер оларды ұстап алып, тергеп-тексеру үшін қаланың ортасына апарып тастайды екен. Қаланың ортасынан таксимен келеді, оның өзіне мың теңге жұмсайтын көрінеді. Уақыты кетеді, жұмыстан қалады. Содан кейін айыпұл салады екен. "Қазақстан азаматы болсаңыз не үшін айыппұл салады?" десем, "Біз өз құқығымызды білмейміз, 2000-3000 теңге айыппұл салады", — дейді Newscorr қызметіне бейнежазба жолдаған адам.

Естеріңізге сала кетейік, қазір кез келген адам оқыс оқиға немесе ерекше көрініс көрсе, оны видеоға түсіріп, Newscorr сервисіне арқылы біздің редакцияға жолдай алады. Жарияланған әрбір видео авторы шамамен 100 000 теңгеге дейін гонорар ала алады. Экспресс К бұған дейін Newscorr сервисіне Абайдың әнін орындаған орыс жігіті жұртқа ұнап қалғанын жазды.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров