Мұрат Әбділдә

Судья Мұрат Әбділдәнің не үшін сотталғанын және неге ондай жаза бергенін айтты

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Мұрат Әбділдә

Атышулы Мұрат Әбділдәнің не үшін сотталғаны туралы жаңа дерек шықты.

Түркістан қалалық сотының судьясы Арысбай Тілегенов атышулы Мұрат Әбділдәға неге ондай үкім шығарғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Блогер Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша кінәлі деп танылған. Ол бұған дейін де тура осы баптағы қылмысты жасап сотталған. Бірақ ол кезде екі рет сот Мұрат Әбділдәға бас бостандығынан шектеу жазасын берген. Үшінші рет сотталған блогер бұл жолы 4 жыл 6 айға бас босандығынан айыру жазасын арқалады. Ол бұл мерзімді қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтейді. Судьяның айтуынша, оның 6 айы бұрынғы үкімнен қосылған жаза.

"Ол бұған дейін өзбек ұлтының өкілдеріне қатысты балағат сөздер айтқаны үшін сотты болған. Ал бұл жолы Instagram парақшасында Адай руының атына балағат, былапыт сөздер айтқан. Рулық алауыздықты қоздырып, қадір-қасиетті қорлаған. Ол бұл әрекетін алкогольдік масаң күйде жасадым деп отыр. Өз кінәсін мойындады. Сот-нарколгиялық сараптама қорытындысына сәйкес екінші сатыдағы алкоголизммен ауыратыны белгілі болды және оны мәжбүрлі түрде емдеу ұсынылды. Соған сәйкес үкімде оны мәжбүрлі түрде емдеу шарасы тағайындалды",—деді судья.

Өз сөзінде судья сотталушының ешқандай да психикалық ауытқушылығы болмағанын айтты. Арнайы сараптама қорытындысына сәйкес ол өзін-өзі басқарып, іс-әрекетіне жауап бере алады.

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы апелляциялық шағым түсіруге құқылы.

Экспресс К бұған дейін Мұрат Әбділдәнің сотталғаны туралы жазды. Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер блогерге 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын айтқан болатын.

Жаңалықтарды біздің Aitu арнамыздан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров