Атыс

"Басына тақап тұрып атқан". Алматыдағы дәрігер өлімінің жай-жапсары анықталды

Экспресс К

instagram.com/gastro.kz / Видеодан кадр

Алматыда белгілі дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты жаңа деректер белгілі бола бастады. Экспресс К тілшілері қайғылы оқиға болған жерге барып, куәгерлермен тілдесіп қайтқан болатын.

Дәрігердің қалай өлтірілгенін өз көзімен көргендер әлі естерін жия алмай отыр, деп хабарлайды Экспресс К

Бұл жағдай бүгін Алматының Бостандық ауданындағы автотұрақта болған. Қайтыс болған дәрігер сол маңда тұратын, соңғы екі жылда жеке көлігін осы автотұраққа қойып жүрген екен. Атыс туралы алғашқылардың бірі болып нысанды күзететін Садықжан Юлдашев айтып берді.

Таңертеңмен 8-де келіп, кезекшілігімді қабылдап алдым. Сағат 9-ға тарта қызметтік итті тамақтандыруға шықтым. Қайтып келе жатсам, қару ұстаған бір жігіт автотұрақтан жүгіріп шығып, көлікке отырып кетіп қалды,

— дейді ол.

©ЭК/Андрей ХАЛИН©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

Жерде қансырап жатқан адамды бірінші болып сол маңнан өтіп бара жатқан әйелдер көріпті.

Атып кетті деп айқайлады. Автотұраққа кірсем, ол әлі тірі екен, қимылдап жатты. Негізі мен екі рет мылтық дауысын естідім. Екінші рет бетіне тақап тұрып атқан болу керек. Өйткені жарты беті жоқ деуге болады,

— дейді күзетші.

Видеодан кадрВидеодан кадр
Видеодан кадр

Оқиғаның бастан-аяқ қалай болғанын көрген басқа да адамдар бар. Бірақ, олар өздерінің аты-жөндерін атамауды сұрады.

"Қайтыс болған адам көлігіне келіп отырды. Мылтық ұстаған жігіт көлікке жақындап, бір рет атты. Сосын көліктің артына кетіп қалды. Дәрігер тірі қалды, көлігінен шығып, сыртқа қарай бет алды. Сол кезде қылмыскер артынан барып, өзіне қаратып алды да тағы бір рет атты", — дейді куәгерлер.

Оқиғаны көзбен көргендер атқан жігіттің өте сабырлы болғанына таңқалып отыр.

Qumash.kz Telegram арнасында автотұрақтағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған видеолар жарияланды. Онда қылмыскер қаруды дәрігердің бетіне тақап тұрып атқаны анық көрінеді.

Қайтыс болған Юрий Шумков — Алматы қаласына белгілі гастроэнтеролог маман болатын. Алдын -ала болжам бойынша, қылмыскер Шумковтың қызметіне көңілі толмаған соң осындай әрекетке барған. Қазіргі таңда тергеушілер оқиғаның нақты себебін анықтап жатыр.

Алматыда таңертеңмен атыс болып, адам өлгені жайлы ЭК жазған болатын.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров