Әлихан Смайылов

"Аналарға жағдай жасаңыз". Танымал әнші Смайыловқа 9 ұсыныс айтты

Бек ТӨЛЕУОВ

Нұрлан Албан / Әлихан Смайылов / facebook.com

Белгілі әнші Нұрлан Албан әлеуметтік желіде парақша ашқан Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа өз ұсынысын айтты.

Ол бірінші кезекте аналарға жағдай жасау керек екенін еске салды, деп хабарлайды Экспресс К.

Нұрлан Албанның Үкімет басшысына айтқан 9 ұсынысы:

1. Халықпен бірге болыңыз.

2. Мемлекетке жаңа реформа, ұлттық идеология керек.

3. Қазақ тілінің мәртебесі жоғалмауын қолға алып қолдаңыз.

4. Қазақ ауылының мүшкіл хәлін ел-елді, жер-жерді аралап, өз көзіңізбен көріңіз. Қазақтың ауылдарын сақтап қалыңыз.

5. Жастармен, әсіресе ауыл жастарымен жұмыс істеңіздер.

6. Қартайған әке мен шешелерімізге қамқор болыңыз.

7."Көпбалалы аналар" деп бөлмей, бір ғана ұрпақ әкелсе де әр қазақтың аналарына жағдай жасаңыздар. (Біздер, еркектер өле қоймаспыз).

8. Биылғы балалар жылының құрметіне әр балаға тосын сый ұйымдастырыңыздар. Олар бұл нәрсені қартайғанша ұмытпайтын болады.

9. Бойында ұлттық рухы бар, қазақ тілін жетік меңгерген, халықтың ортасына қорықпай шығып елмен етене араласып жұмыс жасай алатын азаматтарды жұмыспен қамтып, қолдау көрсетіңіз.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров