Владимир Жириновский

Тараздық педагог оқушыларға Жириновскийдің партиясы атынан сыйлықтар таратқан

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Бұл жағдай Наурыз мерекесі қарсаңында болған екен. Алайда ол туралы енді ғана белгілі болып отыр.

Ата-аналар ұстаздың бөтен елдің саяси партиясы атынан сыйлық табыстауын түсінбей отыр, деп хабарлайды Экспресс К

Оқиға Тараздағы нөмірі 13 мектепте болған екен. Мерекеге орай ұстаз сыныптағы оқушыларға Владимир Жириновскийдің суреті бар дәптерлер мен Ресейдің "ЛДПР" партиясының аты жазылған ертегілер кітабын сыйлаған. Сондай-ақ, балаларға саяси партияның құттықтауы жазылған тәттілер де ұсынылған екен. Ата-аналар мұғалімнің бұл әрекетін түсінбей отыр.

Оқу құралдарының суретін ағам түсіріп жіберді. Не үшін осындай сыйлықтар ұсынылғанын түсінгісі келеді. Алғашында біз мән берген жоқпыз. Енді неге дәл осындай сыйлықтар берілгенін білгіміз келеді,

— дейді Ақбота есімді Тараздың тұрғыны.

Мәселенің мән-жайын ЭК тілшісі анықтап жатыр.

Ресей мемлекеттік думасының депутаты және Ресей либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский қазақстандықтарға жақсы таныс. Алматыда туып-өссе де, ол арагідік Қазақстанның тәуелсіздігі мен жер аумағы жайлы даулы пікірлер айтып тұрады. Жуырда БАҚ беттерінде оның денсаулығы нашарлап, тіпті өмірден озғаны туралы ақпараттар да тараған болатын.

Жаңалықтарды біздің Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров