Әскери оқу-жаттығу

Әскери институттың курсанттары Aero L-39 ұшағымен жаттығып жатыр

Экспресс К

Әуе қорғаныс күштері әскери институтының баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан әскерінің кадрлық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында жаттығу жұмыстары Балқаш оқу-авиациялық орталығында өтіп жатыр.

Майдан авиациясының болашақ ұшқыштары Aero L-39 Albatros ұшақтарының жаңартылған нұсқасымен жаттығуда, деп хабарлайды Экспресс К Әуе қорғаныс күштері әскери институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұшақтар оқу-авиациялық орталыққа былтыр наурыз айында әкелінген болатын.

Әуе қорғаныс күштері әскери институтының баспасөз қызметіӘуе қорғаныс күштері әскери институтының баспасөз қызметі
Әуе қорғаныс күштері әскери институтының баспасөз қызметі

Курсанттар тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен ұшу, биіктікті бағындыру, 300 км/сағ жылдамдықпен шеңбер жасап ұшу және қону сияқты ұшу техникаларын меңгереді.

"Ұшақтың бұл түрімен дайындық кезінде тәжірибесі мол ұшқыш-нұсқаушылар теориялық білімдерімізді ұшу дағдыларына жетілдіруге көмектеседі. Ұшу элементтерін өз бетінше орындау өз қабілетімізге деген сенімділікті арттырып, болашақта жетістіктерге жетуге ынталандырады",- дейді 4 курс курсанты Диас Шәменов.

Жаттығу жұмыстары биылғы жылдың мамыр айының соңына дейін жалғасады. Әскери оқу орнын бітірген кезде жас әскери ұшқыштардың ұшу тәжірибесі 80 сағаттан асады.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров