Президент

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Экспресс К

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Әңгіме басында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Биыл наурыз айында Қазақстан мен Түркия екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды Экспресс К Ақордаға сілтеме жасап.

Қос тарап сауда-экономикалық байланыстардың даму қарқынын оң бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты сауда-саттық көлемін 5 миллиард долларға дейін, келешекте оны 10 миллиард долларға дейін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы мамыр айында Анкараға іс сапармен бармақ. Режеп Тайип Ердоған бұл жұмыс сапарының екі ел арасындағы көпжақты қатынастардың дамуына тың серпін беретініне сенімді.

Сонымен қатар Мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де жан-жақты пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бітімгерлік күш-жігерінің тиімділігін жоғары бағалады.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров