Тұсау кесу
"Алжығандар". Жетпістегі қарияның тұсаукесері желідегілердің ашуын туғызды


Видеодан кадр
Әлеуметтік желіде жетпіс жастағы қарияның тұсауын кесіп, балаша адымдаған бейнежазбасы тарады.
Instagram-дағы @aktobe_tut парақшасы жариялаған видеодан әйелдердің жаңадан тұсауы кесілген үлкен кісіні жетектеп келе жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Эксперсс К.
Қарияның аяғына байланған ала жіп кесілген. Ол кішкентай балаша ақ матаның үстімен адымдап жүріп өтті. Жетпістегі атаны екі жақтан екі әйел қолтықтап келе жатса, енді бірі "қадамы құтты болсын" дегендей шашу шашып жүр.
Оқи отырыңыз:
- "Естерің ауысқан екен". Қазақ актрисасы мысықтың тұсауын кесті
- "Баламыз жүйрік болады". Алматыдағы мерекеде қара нәсілді қыздың тұсауы кесілді
- "Ішіп кетсе, мен кінәлі емеспін". Мұрат Әбділдә баланың тұсауын кесті
- Қарақат Әбілдина 50 жастағы әйелдің тұсауын кесті
- Мейрамханаға түстенуге келген Майғазиев баланың тұсауын кесіп кетті
Желі қолданушылары үлкендердің бұл әрекетін түсінбей дал.
"Алжығандар", "Сүндетке отырғыза салмадыңдар ма?", "Бұл қайдан шыққан ырым?", "Масқара", "Еріккендер, сөзім жоқ", Ұят-ай, ерсі көрінеді екен", — деп жазды желідегілер.
Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.
Бөлісу