Қайғылы оқиға

7 жастағы бала сүндеттелгеннен кейін көз жұмды

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

2 сәуір күні Бішкектегі балалар клиникалық ауруханасының хирургия бөлімінде сүндеттелген бала қайтыс болды.

Баланы бір күн бұрын Ұлттық ауруханада анестезиямен сүндетке отырғызғаны анықталды, деп хабарлайды Экспресс К 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Сүндеттелген соң көп қан кетіп ол "Платтер синдромы" диагнозымен №3 балалар ауруханасының хирургия бөліміне жатқызылды.

Бала ауруханада есін жимастан көз жұмды. Оның өліміне не себеп болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды,

— Октябрьский ауданы ІІБ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүлдіршіннің ата-анасы сараптама жасаудан бас тартты.

"Бала ауруханаға 2 сәуір күні түсті. Оны сүндетке отырғызған, бірақ ота аяқталмай қалған. Туыстары операцияны қай жерде жасағандарын айтпады. Науқасты тексерістен өтті. Кейін оған анезтезия салғанда жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер сәбиді аман алып қала алмады, ",- делінген хабарламада.

Жаңалықтарды біздің Aitu арнамыздан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров