Ажар Ғиният

Ажар Ғиният Алматыдағы дәрігердің өлімі туралы: "Бұл үлкен трагедия"

Экспресс К

Ажар Ғиният/©СЦК

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният белгілі дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты пікірі білдірді.

Министр мықты маман, гастроэнтеролог Шумаковтың қазасы туралы қаралы хабар Қазақстанның медицина саласын дүр сілкіндіргенін атап өтті, деп хабарлайды Экспресс К.

"Жеке өзімнің және Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан дәрігердің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Бейбіт күнде медицина қызметкерлеріне деген көзқарасы дұрыс емес адамдардың қолынан дәрігерлердің қаза табуы еліміздің денсаулық сақтау саласы үшін ауыр қасірет" , — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Ажар Ғиният марқұмның артында қалған үш баласы мен ата-анасының қайғысын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес екенін айтты.

Отандық медицина гастроэнтерология саласының дамуына өз үлесін қосып, жүздеген науқасты емдеген білікті дәрігерден айырылды,

— деді ол өз сөзінде.

Министр тергеу жұмыстарының әділ өтетініне және қайғылы оқиғаға кінәлі адамдардың заң шеңберінде тиісті жазасын алатынына сенім білдірді.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров