Иван Дычко

Қазақстандық боксшы Иван Дычконың келесі қарсыласы белгілі болды

Экспресс К

Іnstagram.com/ivandychko

Суперауыр салмақтағы былғары қолғап шебері Иван Дычко (11-0, 11КО) америкалық боксшымен жекпе-жек өткізбек.

Қазақстандық боксшының қарсыласы Дэниэл Мартц (20-10-1, 17КО), деп хабарлайды Экспресс К Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу АҚШ-тың Мерфрисборо қаласында өтеді. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланып отыр.

Иван Дычконың бұған дейінгі жекпе-жегі былтырғы 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өткізді. Кәсіпқой бокс кеші ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған еді. Ол бірінші раундта техникалық нокаутпен ресейлік бокс ардагері Александр Устиновті (36-6-1, 27КО) жеңді.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров