Үкімет
2022 жылға арналған бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге ұлғайтылды


©ЭК/Валерий КАЛИЕИВ
Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет шығыстары 2,7 трлн теңге ұлғайтылғанын мәлім етті.
Ол Үкімет отырысында министрлер кабинетіне 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы ұсынды, деп хабарлайды Экспресс К.
Мемлекет басшысының тапсырмалары, бағдарламалық құжаттардың іс-шаралары, макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты шығыстар көбейеді. Сондықтан бюджет шығыстарын 2,7 триллион теңгеге ұлғайттық,
Оның айтуынша, бюджет шығыстары 1,1 триллион теңге бюджеттің өз кірістері және 1,6 триллион теңгеге Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті ұлғайту есебінен арттырылады.
Оқи отырыңыздар:
Одан бөлек Президенттің тапсырмаларын іске асыруға қосымша 1,8 триллион теңге бағытталады.
Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.
Бөлісу