Шоу-бизнес
"Кептер асыраймыз". Мейрамбек Беспаев атақты спортшы Майк Тайсонмен тілдесті


instagram.com/m_besbaev / instagram.com/miketyson
Әнші Мейрамбек Беспаев АҚШ-та атақты былғары қолғап шебері Майк Тайсонмен бейне-қоңырау арқылы сөйлесті.
Әнші видеоны өзінің Instagram-дағы парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Майк Тайсон да Мейрамбек сияқты құс асырайтын болып шықты. Бейнежазбада әлемге әйгілі спортшы өзінің қолға үйретілген көгершіндерін көрсетіп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Майк та, мен де көгершіндерді жақсы көреміз. Сондықтан екеуміз де кептер ұстаймыз. Білектің күшімен бүкіл әлемді таң қалдырған, аңыз адам Тайсонмен бейне-қоңыраумен сөйлесудің сәті түсті. Өзі жүрегі жұмсақ, жаны таза адам екен,


instagram.com/m_besbaev
Мейрамбек дәл қазір АҚШ-та жүр. Әнші екі қалада концерт қойып, одан түскен қаржыны қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты.
Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.
Бөлісу