Қылмыс

"Шыдамның да шегі бар": Бажалар қайын атасын қалай өлтірді?

Кәмшат ҚОПАЕВА

©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА

Ақтөбедегі КА168/2 түзеу мекемесінде отырғандардың тағдыры әр қилы. Осы мекемеде жазасын өтеп жатқан 31 жастағы жігіт қайын атасымен төбелесіп, өлтіріп алған. Оқиға қалай болды?

Қазір жазасын өтеп жатқан жігіт Экспресс К тілшісіне жан сырын ақтарды.

КА168/2 түзеу мекемес / ©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВАКА168/2 түзеу мекемес / ©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА
КА168/2 түзеу мекемес / ©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА

Мақсат (есімі өзгертілді) Ақтөбе облысының шалғай аудандарының бірінде туып, өскен. Бала кезінен қақ-соқпен ісі жоқ, еңбекқор болды. Отбасын құрды. Сүйіп қосылған жары үш қызды өмірге әкелді. Алайда Мақсаттың өмірі осыдан 3 жыл бұрын күрт өзгерді.

Қанды оқиға қалай болды?

Мақсат қайын атасымен бір ауылда тұрды. Атасының жасы елуден асса да ішімдікке әуес. Ішіп келген күндері әйелін көкала қойдай сабайды.

Енемнің басын жарып қойған күндері болды. Әйелім мен қыздарым сол үйге барған сайын қорқып келеді. Айқай-шу шықса, маған айтады. Ал атамызға ес кірмеді. Қанша рет айттық "бала-шаға бар, қойыңыз" дедік. Тыңдамады. Ішпесе жап-жақсы,

— дейді Мақсат.

©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА
©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА

Бір ауылда тұратын болғандықтан ата-енесінің үйіндегі жағдай көз алдында өтіп жатты. Күнде айқай-шу. Әйелі төркініне барған сайын әкесінің қылығына шыдай алмайды.

2019 жылдың желтоқсан айында әйелі қыздарын алып, тағы төркініне барады. Ішімдікке сылқия тойған әкесі шу шығарып, анасын тепкінің астына алады. Шошыған келіншек жұмыста отырған күйеуіне қоңырау шалды. Мақсат ести сала келіп бала-шағасын киіндіріп, үйіне алып кетеді. Осындай қарбалас сәтте үйіне бажасы келді. Екеуі отырып, ішімдік ішті, шер тарқатты. Ішімдікке масайраған екеуі, қайын атасының үйін бетке алды. Қос бажа атасымен еркекше сөйлесіп, бір мәмілеге келіп, айқай-шуды біржолата тоқтатқысы келді.

Бірақ ішкен адамдар сөзге тоқтай ма, ұрыс басталды. Соңы төбелеске ұласты. Бажам екеуміз ашу үстінде және ішімдіктің әсерімен атамызды ұрып тастадық. Осыдан кейін екеуміз кетіп қалдық,

— дейді жазасын өтеуші.

Екі бажаның жылдар бойы ішіне жинаған ашуы бір сәтте сыртқа шықты. Алайда соңы үлкен өкінішке әкелді. Қайын атасы алған дене жарақатынан шыдай алмай, ауруханада жүрегі тоқтады. Мақсатты таңертең полиция қызметкерлері аудандық ішкі істер бөліміне алып кетеді.

Барлығы ащы судың кесірінен болды. Қайын атамның қайтыс болғанын естігенде есеңгіреп қалдым. Бұған дейін бұлай ішімдік ішіп, мінез көрсеткен адам емеспін. Тіпті үйден де көп шықпаймын. Мүмкін шыдамым шегіне жеткен болар. Уақытты өзгерте алмайсың,

— дейді жазасын өтеуші.

Мақсаттың үстінен абайсызда кісі өлтіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жылға, ал бажасы 11 жылға сотталды. Мақсаттың әйелі алғашқыда ренжіді, алайда күйеуінің әдейі өлтірмегенін түсініп, кешірді. Ал бажасының келіншегі кешіре алмады. Ажырасып кетті.

Екеуін де Ақтөбедегі тергеу изоляторына алып келді. Бұрын соңды кісі өлтірмек түгілі, біреуге артық сөз айтпайтын жігіт күйзелісті басынан кешірді.

©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА
©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА

Бастапқыда күні- түні өкініштен жыладым. Не істедім, өмірім не болып кетті деп қатты қамықтым. Ендігі өмірім қандай болатынын елестетудің өзі қиын болды. Тергеуде отырып алғаш рет "Анаға хат" деген өлең жаздым,

дейді Мақсат.

Мақсаттың хаты/©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВАМақсаттың хаты/©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА
Мақсаттың хаты/©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА

Мақсат мектепті орысша оқыды. Сондықтан өлеңдерін де орыс тілінде жазады. Қолы сәл босай қалса, әйеліне, қыздарына деген сағынышын өлеңмен жеткізеді.

— Басыңа түссе бәріне көнесің. Бұл жақта да қайнаған өмір бар екен. Үйрендім. Қазір өзімді жақсы жағынан көрсетуге тырысып жүрмін. Мекеме ішінде ұйымдастырылатын түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орын алған кездерім көп. Қазір шаруашылық жасағында жұмыс істеймін. Тапқан табысымды отбасыма жіберемін, — дейді Мақсат.

Түзеу мекемесіндегі талапты мүлтіксіз орындайды. Берілген тапсырмаға тиянақты және тәртібі жақсы болғандықтан, Мақсатқа мекеме тарапынан заң аясында жеңілдіктер беріледі. Екі ай сайын бала-шағасымен кездесіп тұрады. Видео байланыс арқылы да жиі тілдеседі.

©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА
©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА

Түзеу мекемесінің өз тәртібі бар. Бұл жерде жазасын өтеушілердің саулығы үшін барлық жағдай жасалған. Түрлі дәрумендер, жеміс- жидектер тамақпен бірге уақытында беріліп, медициналық көмектер көрсетіледі. Сотталған азаматтардың денсаулығы түрмедегі дәрігерлердің күнделікті бақылауында.

Жазасын өтеушілер мекеменің ішкі тәртіп ережелерін сақтап, талапқа бағынып, өздерін жақсы жағынан көрсетсе, мерзімінен бұрын босап, отбасына оралуларына мүмкіндік бар.

Істеген ісіме қатты өкінемін. Бірақ амал нешік, уақытты кері қайтара алмайсың. Ойласам өзегім өртенеді. Ол кезде жасым 28-де еді. Ақыл тоқтатып, әр ісіме баға бермедім. Тіпті ол отбасының ісіне араласпауым да керек пе еді. Бірақ келіншегімнің қиналғанын көріп, одан әрі шыдап жүре алмадым. Ал қазір темір торда отырып, көп нәрсені көңілге түйдім. Осы жерге келіп, бостандықтың қадірін түсіндім. Бостандықтағы замандастарыма айтарым, ішімдіктен аулақ болу керек. Қандай жағдайда да ашуға бой алдырмаған жөн. Оның соңы жақсылыққа апармайды. Соны түсіндім, — дейді Мақсат.

Қазір мақсаттың бар арманы — мерзімінен бұрын босап шығу.

Қыздарым "әке сені сағындық, қашан келесің" деп сұрайды. Соларды ойласам жүрегім қан жылайды. Қазір барынша өзімді жақсы жағынан көрсетуге тырысып жатырмын. Ертерек отбасыма оралғым келеді,

— дейді жазасын өтеуші.

Түрмеден шыққандар жұмыспен қамтылады

Аталған мекеменің сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөніндегі аға инспекторы Кәмшат Ельтаеваның айтуынша, сотталғандарды оңалту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүреді.

Басқа сотталғандар секілді, Мақсатпен де түзеу мекемесіне түскен күннен бастап, онымен мекеменің психолог, тәрбие ісі жөніндегі мамандары өте қарқынды жұмыс істеді. Мақсат алғаш келгенде өте қатты күйзелісте болды. Үндемейді, ешкіммен ашылып сөйлеспейді. Мамандардың кеңесінен кейін ғана бұл жердің тіршілігіне үйренісе бастады. Қазір ол мекемеде өтетін барлық тәрбиелік шараларға белсенді қатысады, — дейді Кәмшат Ельтаева.

©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА
©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА

Сотталғандардың бірі сурет салса, біреулері түрмедегі тігін цехтарда іс тігеді, ал шеберлері ағаштан түйін түйіп, түрлі бұйымдарды жасап шығарады. Еңбекке жарамдылардың жұмыспен қамтылуына барлық жағдай жасалған. Мереке күндері мекеме әкімшілігімен сотталғандар арасында шахмат, дойбы, сурет салу секілді түрлі спорттық шаралар өткізіледі.

Сотталғандар түзеу жолға түсіп, бостандыққа шыққаннан кейін қайта қылмыс жасамауы үшін, олар жазасын өтеп жатқан сәттен бастап жүйелі жұмыстар жүреді. Қиындықсыз еңбекке орналасулары үшін жұмыспен қамту орталықтарымен байланыс жасалады.

©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА
©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА

Түрмеге алғаш түскендер күйзелісті басынан өткереді. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратованың айтуынша, осындай күйзелістер түзеу мекемесіне түскен кейбір азаматтардың бұрын бойларында кездеспеген таланттарын ашады. Ақындық қырымен танылған жазасын өтеушілерге өңірдегі Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті және мекеме тарапынан тиісті қолдаулар көрсетіледі. Олардың шығармашылықпен айналысуларына жағдайлар жасалып, туындылары сотталғандар арасында ұйымдастырылатын республикалық байқауларға жолданады.

Гүлфайруз Төремұратова/©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВАГүлфайруз Төремұратова/©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА
Гүлфайруз Төремұратова/©ЭК/Кәмшат ҚОПАЕВА

Мақсат ең алғашқы өлеңін анасына арнаған. Іштегі шері мен өкінішін хат арқылы жеткізген. Жазған өлеңдерін жұбайы кездесуге келген кезде үйіне беріп жібереді. Өлеңдері көбінесе анасына, жарына, отбасына арналады. Қазір ол өзінің барлық бос уақытын шығармашылыққа арнайды. Бұл оның үміті мен болашаққа деген сенімін арттырады, — дейді Гүлфайруз Төремұратова.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров