Қаңтар трагедиясы

Қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге Ұлттық қордан қаржы бөлінді

Бек ТӨЛЕУОВ

©AP/Sergei GRITS

Бүгін Үкімет отырысында республикалық бюджеттің шығысы 2,7 триллион теңгеге ұлғайтылатыны айтылды. Оның ішінде 1,6 триллион теңге ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті ұлғайтуға жұмсалмақ.

Бұл трансферттен қаңтар оқиғасында зардап шеккен бизнеске, азаматтарға қаржы қарастырылған, деп хабарлайды Экспресс К.

Қаражатты қаңтар оқиғасынан кейін мемлекеттік мүлік пен қалалардың инфрақұрылымын қалпына келтіруге, қаржы-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықты, бизнес пен экономиканың нақты секторын қолдауға жұмсау жоспарланып отыр,

— дейді премьер-министр Әлихан Смайылов.

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті ұлғайтуға жұмсалатын 1,6 триллион теңге тек қаңтар оқиғасында зардап шеккен кәсіпкерлерге ғана емес, жалпы халықтың жағдайын көтеруге беріледі.

Біріншіден, халықтың табысын арттыру бойынша шараларды іске асыруға 197 миллиард теңге бөлінеді.

Бұл қаражат аясында жастарды қолдау, өз бизнесін ашу үшін микрокредит беру, жалға алынған тұрғын үй үшін төлемнің бір бөлігін субсидиялау және халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған басқа да маңызды іс-шаралар қамтамасыз етіледі,

— дейді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Екіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары аясындағы шараларға 238 миллиард теңге көзделіп отыр,

Қосымша қаражат агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру көлемін ұлғайтуға жұмсалады.

Үшіншіден, өңірлерге қосымша 476 миллиард теңге қаржы қарастырылды.

Аталған шығыстардың негізгі бөлігі 271 миллиард теңге немесе 57 пайызы батыс және оңтүстік өңірлерді дамытуға бағытталған.

Ең бастысы, инфляцияның деңгейінің өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 110 миллиард теңге жұмсалады.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров