GGG

Геннадий Головкин Қазақстанда неге кездесу өткізбейді?

Ержан ШАЙЖАН

instagram.com/gggboxing

Қазақстандық Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы дебютін 2006 жылы бастаған болатын. Содан бері ол 40-тан астам жекпе-жек өткізді. Алайда соның біреуі де Қазақстанда өткен жоқ.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

©AP/Damian DOVARGANES©AP/Damian DOVARGANES
©AP/Damian DOVARGANES

GGG-дің Қазақстанда жұдырықтасуына не кедергі? Экспресс К белгілі спорт комментаторы, журналист Ермұхамед Мәуленмен сұхбаттасты.

Экспресс К: Головкин неге өз отанында бір бокс кешін жасамады деген әңгіме жанкүйерлердің арасында бұрыннан бар. Сіздің ойыңызша, GGG-дің елде "BIG DRAMA SHOW" жасауына не кедергі?

Ермұхамед Мәулен: Геннадий Головкин оны өзі шеше алмайды. Бұны оның промоутері шешеді. Промоутеріне бокс кеші Қазақстанда өте ме, Үндістанда өте ме бәрібір. Ақша тапса болды. Олар ақша үшін төбелесетін адамдар. Жарнама нарығы деген нәрсе бар. Қазақстанда кім жарнама береді? 1-2 букмекерлік компания беруі мүмкін. Бірақ одан түк ақша шықпайды. Ал АҚШ, Жапония, Монако, Еуропаның керемет мемлекеттеріне барсаң жарнама берушілер кезекке тұрады. Бір бұрышына кіріп кетейікші деп жалынады.

Ермұхамед МәуленЕрмұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен

Ал, Қазақстанда керісінше сен жалынасың. Біздің елде ондай нарық жоқ. 15-20 миллион теңге береді, оны кімнің аузынан табасың? Олар миллион еуро, доллармен сөйлеп жүрген адамдар. Оларға біздің берген ақша тиын ғана. Сондықтан ол жерде патриоттық, ойбай елім еді, жанкүйерлердің алдында жеңіске жетейін деген ой жоқ. Бұл жерде ең басты нәрсе — ақша.

Экспресс К: Сонда, бір бокс кешін өткізуге Қазақстанның ақшасы жетпейді дегіңіз келе ме?

Ермұхамед Мәулен: Бокс — кәсіпқой болғаннан кейін ол таза ақшаға құрылатын нәрсе. Кім ақша көбірек береді, сонымен келісімшартқа отырып, жекпе-жекке шығады. Екінші — телетранслияция деген бар. Телекөрсетілімді ұйымдастыру дамыған мемлекеттерге ғана тән. Ол АҚШ-та, Монакода, Жапонияда керемет дамып кеткен. Сондай жағдай жасалғаннан кейін ондай елдерде жекпе-жек өткізу тиімді болады. Қазақстанда егер Головкин бокс кешін өткізетін болса, ол бүкіл әлем көретін "BIG DRAMA SHOW" болатын болса, оны қай телеарнаң түсіреді?! Қазақстанда ешқандай телеарнаның оған әлеуеті де, құдыреті де жетпейді.

Камерасы да, қайталап көрсететіні де, түгі де жоқ. Ондай мәселе біздің футболда да бар. Қазақстан чемпионаты болған кезде 7-8 ойыншық камерамен түсіре береді. Ал ұлттық құрама ойнаған кезде Қазақстанның телевидениесі шетелден, яғни Ресейден, Түмен қаласынан "Матч Тв"-ның арнайы жылжымалы телестудиясын шақыртады. Оған үкіметтен қыруар қаржы бөлінеді. Әлі күнге дейін сол. Тәуелсіздік алдық, 30 жыл болды, телевидениеміз қарыштап дамыды деген бос сөз.

instagram.cominstagram.com
instagram.com

Экспресс К: Мұндай шоу өткізу үшін мемлекеттегі халық саны да маңызды шығар?

Ермұхамед Мәулен: Әрине. Муратаның промоутері мен Головкиннің проумотері осыған баса назар аударып, келіскен. Өйткені, Жапонияда бұл бокс кешіне қызығушылық деген сұмдық. Телекөрсетілім көп болады, сәйкесінше жарнама да көп. Мәселен Жапонияның Сайтама қаласында бүтін бір Қазақстанның халқы тұрады. Енді есептей беріңіз, боксшыларға қайда барып жұдырықтасқаны тиімді екенін.

Экспресс К: Головкин-Мурата жекпе-жегіне деген болжамыңыз қандай?

Ермұхамед Мәулен: Мен Головкин жеңеді дегенге күмәнім бар. Ұпаймен жеңсе де, жаман емес. Головкиннің бұл жерде тәжірибесі ойнап кетуі мүмкін. Соған салып, қарсыласын әбден шаршатып, 9-10 раундта топ еткізуі ғажап емес. Ол рингте ойланып жүретін спортшы ғой. Ал қалған боксшылар басқа соққы тигеннен кейін ойлау жүйесі бәсеңдей бастайды. Міне, соны пайдаланса, ол жеңіске жетеді. Өйткені GGG өте тәжірибелі боксшы. Ол кезінде Сауль "Канело" Альварестің соққысына құламаған адам ғой. Сұмдық соққыға төтеп берген, оның мойны, иегі мықты. Бірақ Альвараспен үшінші кездесуінде жеңуі немесе тең түсуі неғайбыл.

instagram.cominstagram.com
instagram.com

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super титулының иегері жапониялық Риота Мурата жекпе-жегі 9 сәуір күні өтеді. Экспресс К Головкин туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров