Өрт

Түркістан облысында өртенген үйден екі жасөспірімнің денесі табылды

Олжас НҰРЖАҚЫП

ТЖД баспасөз қызметі

Түркістан облысы, Бабайқорған ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй тұтастай жанып кетті. Салдарынан үй ішінде қалып кеткен екі жасөспірім көз жұмған.

Балалардың денесі өртті сөндіру кезінде табылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті дерегінше, төтенше жағдай Сауран ауданы, Бабайқорған ауылында болған. 255 шаршы метр екі қабатты жеке тұрғын үй толықтай өртке оранды. Салдарынан 1-ші қабаттың төбесі құлап отыр.

ТЖД баспасөз қызметіТЖД баспасөз қызметі
ТЖД баспасөз қызметі

Оқиға орнынан 2007 және 2009 жылы туған екі жасөспірімнің денесі табылды. Қазіргі уақытта өрт неден тұтанғаны тексеріліп жатыр,

— деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД баспасөз қызметіТЖД баспасөз қызметі
ТЖД баспасөз қызметі

Отты сөндіруге 24 қызметкер мен 7 бірлік техника, полиция департаменті мамандары мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмылдырылған.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров