Kaspikz

Kaspi.kz "Цифрлық құжаттар" сервисін іске қосты

Есен ҮРКІМБАЙ

Kaspi.kz

Kaspi.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп "Цифрлық құжаттар" сервисін іске қосты.

Бұдан былай ел азаматтарының жеке куәлік, екпе төлқұжаты, жүргізуші куәлігі, неке туралы куәлік, туу туралы куәлік және басқа да цифрлық құжаттары Kaspi.kz қосымшасында қолжетімді болады, деп хабарлайды Экспресс К.

Мұндағы барлық құжаттар сенімді қорғалған. Оған қол жеткізу үшін пайдаланушы өзінің келісімін бірреттік құпиясөзбен растауы керек.

"Цифрлық құжаттармен" ХҚКО-да, ішкі әуе рейстеріне тіркеуден өтуге, Қазақстан бойынша пойызбен жол жүруге, нотариустардың қызметін және басқа да көптеген қызметті пайдалануға болады.

"Біз Kaspi.kz суперқосымшасының "Мемлекеттік қызметтер" бөлімін жетілдіруді жалғастырамыз. Арнайы сүйікті клиенттеріміз үшін және Цифрландыру министрлігімен және "ҰАТ" АҚ-пен ынтымақтастықта жаңа инновациялық "Цифрлық құжаттар" сервисін әзірледік, оның көмегімен қазақстандықтар өз құжаттарына қауіпсіз әрі ыңғайлы қол жеткізе алады. Енді ең маңызды құжаттар еліміздегі ең танымал Kaspi.kz қосымшасында әрдайым қолжетімді. Біз барлық азаматтар үшін қызметтерді қолжетімді ету және сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық сервистерді әзірлеу жолында алдағы уақытта да мемлекетке көмектесеміз", деді Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе.

Цифрландыру бойынша Қазақстан халқының көбі бұл қызметтерді қолданып жатыр.

"Бүгінгі таңда цифрлық құжаттарды 10 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады. Бұл ыңғайлы, себебі құжаттардың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Қолдану одан да ыңғайлы болуы үшін біз бұл сервисті қазақстандық пайдаланушылардың арасында танымал платформаларға да шығарамыз, бірақ бұл функционал азаматтың өзінің келісімімен ғана қолжетімді болады", — деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Kaspi.kz миссиясы — сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Біздің инновациямыздың негізінде елдегі ең танымал, 11 миллионнан астам қазақстандық қолданатын мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр. Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен біздің клиенттеріміз төлем және аударым жасап, жеке қаражаттарын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, тегін жеткізу арқылы онлайн, тиімді зат сатып алады және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров