Блогер

Блогерлер науқас балаларды жарнамалап, қалай пайда табатыны белгілі болды

Экспресс К

Pxhere

Қазақстандық блогерлердің таңғажайып өмірі, қымбат дүниелері мен көліктері, шетелге сансыз саяхаттары, әрине, әлеуметтік желі оқырмандарының назарында. Десе де, олардың ара-тұра ауыр дертке шалдыққан балалар туралы өз парақшаларында халықтан ақша жинауға хабарландыру жариялайтын кездері болады.

Дәл осындай науқас балалар арқылы олардың қалай ақша табатынын алматылық тұрғын әшкереледі, деп хабарлайды Экспресс К.

Алена Панамарева Алматы тұрғыны. Бойжеткен Instagram-дағы парақшасында қазақстандық блогерлер өмірінің кері жақтарын жиі әшкерелеп тұрады. Бұл жолы ол әлеуметтік желі арқылы науқас балалардың атынан да үстеме пайыз алатын пайдакүнем азаматтардың бар екенін жайып салды.

Алена Панамарева / instagram.com/blogerskii_pizdeshАлена Панамарева / instagram.com/blogerskii_pizdesh
Алена Панамарева / instagram.com/blogerskii_pizdesh

Оның сөзіне сүйенсек, бір науқас баланың анасы танымал блогерге ем үшін қаражат жинауға көмектесуді өтінген. Ол келісімін беріп, бірақ түскен ақшаның 20 пайызын өзі алатынын айтыпты.

Осылайша әлгі блогер ауруға шалдыққан баланың еміне жиналған қаражаттан 286 мың теңге алып қалған. Блогер бұл әрекеті әшкереленгеннен кейін ғана ақшаны қайтарды. Десе де, оның бұл ісі көңілге қаяу түсіреді,

— дейді Алена жазбасында.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров