СІМ

Қазақстан Донецк және Луганск халық республикаларын мойындамайды - Тілеуберді

Бек ТӨЛЕУОВ

Мұхтар Тілеуберді

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Донецк және Луганскіге қатысты позициясын айтты.

Министр Қазақстан үшін екі маңызды тармақты атап өтті, деп хабарлайды Экспресс К.

Біз қазір Луганск халық республикасын да, Донецк халық республикасын да мойындамаймыз. Барлық санкциялар Еуропалық Одақ пен АҚШ тарапынан Ресейге қарсы бағытталған. Біз бұл санкцияларға қосылмаймыз,

— деді Мұхтар Тілеуберді.

Ол осы ретте маңызды екі сәтке тоқталып өтті.

Біріншіден, бұл санкциялардың Қазақстан экономикасының дамуына кері әсерін тигізбеуі маңызды. Екіншіден, біздің территориямыз бұл санкцияларды айналып өту үшін пайдаланылмауы керек,

— деді Сыртқы істер министрі.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров