Бағлан Майлыбаевтың әкесі туыстарына жеке пантеон салған


Бағлан Майлыбаев / © Данияр ӘЛІМҚҰЛ
Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Саудакент ауылының тұрғындары шу шығарды. Олар талай жыл облыстық мәслихаттың депутаты болған жерлестерін айыптауда. Айтуларынша, ол ауыл маңынан аумағы 1 гектар жерді заңсыз иемденіп, онда жақын туыстарын жерлеп жатқан көрінеді.
Осыған наразылық білдірген түрғындар қолдан жасалған қорымға тыйым салынып, мәйіттерді қазып алып кетсін деген талап қойып отыр, деп хабарлайды Экспресс К


Бұл даудың басталғанына бірнеше жыл болған. Ақсақалдардың айтуынша, бизнесмен, талай жыл облыстық мәслихаттың депутаты болған азамат ауыл маңын қорымға айналдырып жіберіпті. Рулас туысына кесене салып, күмбезін қойған. Қазірдің өзінде оның қасында екі адамның бейіті бар екен. Ауыл тұрғындары кәсіпкерді үш рет сотқа беріп, бәрінде жеңіп шыққан екен.


Соттан хат келді, заңсыз жерленген, әкімнің шешімі жойылсын, кешеннің ісі тоқтасын деп. Соны тоқтатпай отыр,
Ауылдықтар жергілікті әкімдік мұндай мақсатқа жерді қалай бергенін түсінбейді.
Асау білгенін істеп жатыр. Әйтпесе демалатын жерге адам кесене сала ма? Жер жетпей жатыр ма? Салсын үкіметтің рұқсат берген қорымына,


Тұрғынның Асау деп отырғаны — аймақтағы белгілі кәсіпкер, талай жыл Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болған Асаубай Майлыбаев. Оның ұлы Бағлан Майлыбаев кезінде вице-министр, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған болатын. 2017 жылы қылмыстық кодекстің 185 бабы, яғни " Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету" бойынша сотталған еді. Асаубай Майлыбаев ауыл тұрғындарының айтқандарын түгелдей жоққа шығарып отыр. Оның сөзінше, аталған аумақта ол саялы бақ жасамақшы болған.


28 миллион теңге шығындалды ол жерге. Бәрі заңды. Заңды болмаса, ақша жұмсап неміз бар? Адамдар демалатын саябақ, тарихи кешен жасауды жоспарладық. Бірталай жұмыс істелді. Екі адам жерленгені рас, бірақ, ол жерді жаппай қорым қылу ойда болған жоқ,
Оқи отырыңыз:
Сарысу әкімдігінің өкілдері болса Майлыбаевқа бұл жер комиссияның шешімімен берілгенін айтады. Ол құжатқа барлығы 14 адам қол қойыпты.
Тарихи-мәдени ескерткіш соғамыз деді. Қандай мақсатта екені бізге беймәлім . Әр адамға арнап тұрғыза бермейді ғой. Аудандық комиссия қарады, жалғыз мен шешпеймін ғой,


Қазір кешеннің кіреберіс қақпасында құлып тұр. Ауыл белсенділері де, экс-депутат та алған беттерінен қайтар емес. Тараптар енді жоғары сотта кездесіп, мәселені бір жақты етпекші.
Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.
Бөлісу