90 пайызға арзандады. Қайрат Сатыбалдыға тиесілі компания қанша қаржы жеген?


tekegram
Қайрат Сатыбалдының бақылауындағы компаниялар еліміздегі ірі кәсіпорындарына апаратын темір жолдардың "соңғы шақырымына" бағаны негізсіз көтеріп, миллиардтық пайда тапқан.
Осындай әрекеттің салдарынан тіршілікке қажетті қызметтердің бағасы шарықтап кеткен еді, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл іске қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік тергеу жүргізіп жатса, компания басшылығы қамауға алынды. Осыған орай Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев журналистер сұрақтарына жауап берді.
Жалпы бұл іске қатысты ештеңе айта алмаймын. Бұл біздің құзіретте емес. Ал темір жолдардағы "соңғы шақырымдағы" тарифтер 90 пайызға арзандағанын білемін. Сондықтан қазіргі баға бұрынғының тек 10 пайызына тең,
Оқи отырыңыздар:
Осы тұста Қайрат Сатыбалды, Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғаларғдың темір жолдардан қандай схемамен қаржы жымқырғаны белгілі болған еді.
Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.
Бөлісу