Блогер

Халыққа баспана сыйлап жүрген Дәулеттен өзінің ғажап үйін көрсетті

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Талай отбасының баспаналы болуына септігін тигізіп жүрген танымал блогер Дәулет Төлеутайұлы үйін көрсетті. 120 шаршы метр болатын оның пәтері Нұр-Сұлтанда орналасқан.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Дәулеттің үйіне журналист Динара Сәтжан арнайы барып, сұхбат алды, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеодан кадрВидеодан кадр
Видеодан кадр

Баспана мәселесін қазақ тілінде алғаш жазып, аты шыққан Дәулет Төлеутайұлы Нұр-Сұлтандағы пәтерін көрсетті. Көлемі 120 шаршы метр болатын үйде қонақ бөлмесі, Дәулеттің жеке кабинеті, жатын бөлмелер және ас үй орналасқан.

Видеодан кадрВидеодан кадр
Видеодан кадр

Сұхбат барысында ол қалаға қалай келгенін, қалай отбасы құрғанын және өзінің құрған қоры мен жұмысы жайлы сыр шертті. Сондай-ақ ол жақында үшінші баланың әкесі болатынын айтты.

Видеодан кадрВидеодан кадр
Видеодан кадр
Видеодан кадрВидеодан кадр
Видеодан кадр

"Осы үйге 2020 жылдың 30 желтоқсанында көшіп келдік. 2021 жылды осында қарсы алдық. Бұл пәтерді кішкене арзанға алдым десем болады. Өйткені құрылыс компаниясының жарнамасын жасадым және олар маған көлік тұрағын да тегін берді. Қиялымда, ойымда жүргендерді қағазға сызып, дизайнерге бердім. Пәтердің дизайнын оқырманым жасап берді. Қазір ол Италияда оқып жатыр. Жиһаздың түсіне келетін болсақ, жасыл түсті анам, келіншегім жақсы көреді. Сіздерге бір қызық айтайын, дизайнер балалар бөлмесін жасап жатқан кезде екі балаға екі төсектен бөлек үшінші төсекке тапсырыс бердім. Ол кезде үшінші бала туралы ойлаған да жоқпыз. Алланың қалауы, ниетіміз шығар. Қазір үшіншісін күтіп отырмыз", — деді Дәулет Төлеутайұлы.

Видеодан кадрВидеодан кадр
Видеодан кадр

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров