Newscorr

Сағым болған "Саяхат". Алматылықтар ескі автобекетті қалпына келтіруді сұрайды

Экспресс К

«Саяхат» автовокзалы

Алматылықтар көк базар мен орталық мешіт орналасқан аумақтағы "Саяхат" автовокзалын қайта қалпына келтіруді талап етеді. "Сақалды құрылысқа" айналған нысан аумағы қазір көпшіліктің жүріп-тұруына бөгет болып жатыр.

Өйткені жолға тұрып алатын жеке такси иелері бағдаршам орналасқан аумақты жауып тастап, көпшіліктің жолдан өтуіне кедергі келтіріп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға бейнежазба жолдаған автор заманында аты аңызға айналған "Саяхат" авто бекетінің құрылысы 14 жылға созылып кеткенін айтып шағынуда. Өйткені ескі бекеттің орнына заманауи көлік кешені салынуы тиіс болатын. Бірақ мұнда құрылыс жүргізіп жатқан ешкім байқалмайды.

Еске салсақ, сонау 1967 жылы салынған "Саяхат" автовокзалы оңтүстік астана тұрғындары үшін тарихи нысандардың бірі. Алматыда ашылған ең алғашқы арнайы автобекет. Қалаға жақын аудандардан тәулігіне ең кемі 500 автобус қабылдайтын орталық болған.

Өкінішке қарай бұл ғимарат 2008 жылы толықтай сүріліп, орнына жаңа ғимарат салу туралы жоспар құрылды. Бұл үшін алты гектар жердің төрт гектары сатып та алынды.

Ал 2014 жылы қалалық әкімдік өкілдері ойда жоқта Алматыдағы "Сайран" және "Саяхат" автобекетін сүріп Солтүстік, Шығыс және Батыс автовокзалдарын салу туралы шешім қабылдады.

Өкінішке қарай, бұл жобалардың барлығы қағаз жүзінде қалды. Ал аты аңызға айналған "Саяхат" автовокзалы осылайша біржолата тарих сахнасынан өшірілді.

"Экспресс К" ақпараттық порталының жаңалықтарын Aitu арнасынан оқыңыздар.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров