Шоу-бизнес

Халық артисі Роза Рымбаеваның өмірінен сыр шертетін деректі фильм түсірілмек

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/rozarymbaeva

Кинода әншінің шығармашылығы, жақын туыстары, екі ұлы және өзге де қызықтары баяндалады.

Кино қашан түсіріледі? Басты рөлді Роза Рымбаеваның өзі сомдай ма? Фильмнің бюджеті қанша? Халық артисінің бұрын-соңды ел естімеген құпиясы жария етіле ме? Осы сауалдарды Экспресс К тілшісі Розаның ұлы Әли Оқаповқа қойған еді. Әнші қазір фильмнің сценарийі жазылып жатқанын айтты.

instagram.com/rozarymbaevainstagram.com/rozarymbaeva
instagram.com/rozarymbaeva

"Кинода анамның өнер жолына алғаш қадам басқаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі шығармашылығы, өмірі баяндалады. Сценарийін үш адам болып жабылып жазып жатырмыз. Ұлттық киноны қолдау қорына барлық құжаттарды тапсырып қойдық, енді сол қордан жауап күтіп отырмыз. Егер олар бізді қолдап, өз келісімдерін берсе, осы жылдың соңына дейін кино түсіруді бастап кетеміз", — дейді Әли Оқапов.

instagram.com/aliokapovinstagram.com/aliokapov
instagram.com/aliokapov

Әли фильмге актерлерді таныс-тамырмен емес, арнайы кастинг арқылы таңдап алмақ. Әнші үшін анасының жастық шағын сомдайтын актрисаны іздеп табу қиын болып тұр.

Анама ұқсас адамды табу оңай емес. Әзірге ешқандай үміткер жоқ. Бәрін іздеп табуға тырысамыз. Анамнан өзге бірнеше тарихи тұлғалар болады. Олардың да сыңарын іздеуіміз керек. Анамның өзі бұл фильмде ойнамайды. Және мен де, Мәди де төбе көрсетпейміз,

— дейді Розаның ұлы Әли.

instagram.com/aliokapovinstagram.com/aliokapov
instagram.com/aliokapov

Осы көркем туындыда Розаның ел білмейтін сыры да ашылмақ. Оны Әли әзірге құпия ұстап отыр. Экспресс К бұған дейін Роза Рымбаева сахнада фанатын көкірегінен итеріп жібергенін жазды.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров