Қазақстан жаңалықтары

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 11 жылға сотталуы мүмкін

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев 11 жылға бос бостандығынан айырылуы мүмкін.

Прокурор Нұржан Жангереев соттан Таубаевты 11 жылға бос бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Экспресс К.

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров 2020 жылдың қыркүйек айында осы аурахананы салып жатқан мердігер компаниядан 182 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Тергеушілердің сөзінше, шенеуніктер мердігер компанияның директорын облыс әкімдігінің ғимаратына бірнеше рет шақырып, пара сұраған. Бермеген жағдайда аурухананы қабылдамай қоямыз деп қорқытқан. 2020 жылдың желтоқсан айында қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары аяқталып, өткен жылдың наурыз айында сот отырысы басталды. Таубаев өз кінәсін мойындаған жоқ.

Кешегі сот отырысында прокурор Нұржан Жангереев соттан Таубаевты өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Оның сыбайласы Тимур Басаровқа 8 жыл 5 ай бос бостандығынан айыруды сұрады.

Олардың қылмыстық жолмен тапқан мүліктері анықталмағандықтан, экс-шенеуніктердің мүліктері тәркіленбейді.

Жаңалықтарды Aitu арнасынан оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров