Президент Ауыл шаруашылығы министріне тапсырма берді


ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрін қабылдады.
Мемлекет басшысына еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайы мен болашағы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар мен реформалар туралы баяндалды, деп хабарлайды Экспресс К.
Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, қазіргі уақытта фермерлер көктемгі егіс науқанына толық дайын. Министрлік шаруалардың жанар-жағармай, тыңайтқыш және тұқым қорларымен қаншалықты қамтамасыз етілгенін біліп, барлық техниканың дайындығын тексеріп шыққан. Президент осы бағыттағы қаржыландыру көлемін 2 есе ұлғайту туралы шешім қабылдады.
Оқи отырыңыздар:
Сонымен қатар мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешені мен ветеринария саласына мемлекеттік қолдау көрсету жүйесін жетілдіру, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту үдерістерімен танысты.
Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық тауарларды жаңа нарықтарға шығару, аграрлық ғылымды дамыту, көктемгі егісті сапалы жүргізу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ жерді тиімді пайдалану үдерісіне және пайдаланылмайтын жерлерді қайтаруға бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқыңыздар.
Бөлісу