Әкім

Нұрлан Ноғаев Жаңаөзенге жаңа әкімді тағайындады

Есен ҮРКІМБАЙ

facebook.com/AkimatMangystau

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының әкімі болған Мақсат Ибағаров қызметінен босатылып, оның орнына Айбек Қосуақов тағайындалды.

Жаңаөзеннің әкімі ауысып, жауапты қызметке бұрын кәсіпкерлікпен айналысқан шенеунік келді, деп хабарлайды Экспресс К.

facebook.com/AkimatMangystaufacebook.com/AkimatMangystau
facebook.com/AkimatMangystau

Мұнайшылар қаласының әкімі лауазымына Айбек Қосуақовтың кандидатурасын жергілікті мәслихат депутаттары мақұлдады. Бұған дейін екі жылдан астам уақыт Түпқараған ауданының әкімі болған. Жалпы мемлекеттік қызметке жеке кәсіпкерліктен келген болатын.

Жаңа әкім алғашқы еңбек жолын мұнай-газ компаниясында оператор болып бастап, кейін жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2007-2020 жылдары "Таушық ауыл шаруашылығы" компаниясының жетекшісі болып еңбек етті.

Бұрынғы әкім Мақсат Ибағаров 2019 жылдан бері Жаңаөзен қаласын басқарған. Әзірге оның қандай қызметке тағайындалатыны туралы айтылмады.

Бұл Нұрлан Ноғаевтың Маңғыстауға әкім болғалы бері облыс аумағындағы қала мен аудандарда жасаған жаңа тағайындауы. Бұған дейін облыс әкімі Мұнайлы ауданына жаңа әкімді бекіткен болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров