"Қазфосфатқа"

"Қазфосфатқа" қатысты тергеу басталды

Экспресс К

© Қазфосфат

Түркістан облысында шаруалар шағымынан кейін "Қазфосфат" ЖШС-ға қатысты тергеу басталды.

Бұл туралы Экспресс К Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және Жамбыл облысы әкімдігінен түскен аммофос бағасын көтеру туралы шағым негізінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Қазфосфат" ЖШС-на қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр,

— делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, аммофосты бастапқы сату нарығындағы бәсекелестік жағдайын талдау барысында "Қазфосфат" ЖШС үстем жағдайға ие екені анықталған.

"2021 жылғы қарашада аммофос бағасы 125 000 теңгеден 168 750 теңгеге дейін өсті. Жыл басымен салыстырғанда өсім 35 пайыз болды. 2022 жылғы қаңтарда баға 185 625 теңге болды. Сонымен қатар тауарды өндіру және сату үшін қажетті шығыстардың өзгеруі тауарды сату бағасының өзгеруіне сәйкес келмейді. Тергеп-тексеру барысында "Қазфосфат" ЖШС үстем жағдайды теріс пайдалана отырып, аммофосты монополиялық жоғары баға бойынша сатқаны анықталды. Бұл өз кезегінде түпкілікті өнімнің бағасына, сондай-ақ жалпы сатып алу қабілетіне әсер етеді", — делінген агенттіктің хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жоба "Қазфосфат" ЖШС-не жіберілген. Заң бойынша жауапкершілік туралы мәселе тергеп-тексеру қорытындысынан кейін шешіледі.

Бұған дейін Түркістан облысында фермерлер мен бағбандар тыңайтқыш қымбаттағанына шағымданған болатын.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров