Қостанайдан Торғайға барар жол жабылды


Видеодан кадр
Қостанай облысында қар суы тас жол деңгейінен асып, көлік қозғалысына қиындық тудырды.
Осыған байланысты Әулиекөл-Жалдама бағытындағы жол қатынасы тоқтады, деп хабарлайды Экспресс К.
"2022 жылдың 5 сәуірі күні сағат 17:30-дан бастап, Сұлукөл елді мекені маңында қарғын судың жол үстінен асып өтуіне байланысты, Әулиекөл-Жалдама тас жолы жабылды. Тұрғындардан сабыр танытып, түсіністікпен қарауларын сұраймыз", — деп хабарлады Амангелді ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.
Оқи отырыңыз:
Айта кетейік, Әулиекөл-Жалдама бағыты — Қостанай мен Торғай аралығындағы тас жолдың бір бөлігі. Жангелдин ауданы облыс орталығынан 560 шақырым қашықтықта жатыр.
Тобыл-Торғай аймағындағы көктемгі су тасқынына байланысты ахуал Экспресс К тілшісінің назарында болады.
Бұған дейін Қостанай облысында қар суымен жол опырылып, жылқы құлап кеткені туралы жазылған болатын.
"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқыңыздар.
Бөлісу