Балық

Шардара су қоймасында балық қырылып жатыр

Экспресс К

Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі

Олардың көбі – мөңке және сазан балықтары. Балық инспекторлары мен қорықшылар салмағы орта есеппен 50-60 грамм болатын 4 кг шабақтарды жинады.

Бұл жайында балық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Аслан Жеңісұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Оның айтуынша, рейдтік іс-шаралар барысында Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Шардара су қоймасының №2 учаскесінің жағасында ("Vita" ЖШС-не бекітілген) балық шабақтарының жиналып қалғанын анықтаған.

"Көзбен шолып қарау кезінде шабақтардан қабыршақты жамылғының өзгерістері белгілі болды. Олардың көбі мөңке және сазан балықтары. Балық инспекторлары мен қорықшылар салмағы орта есеппен 50-60 грамм болатын 4 кг шабақтарды жинады. Және оларды утилизациялау жұмыстарын ұйымдастырды", — делінген хабарламада.

Шардара қаласы бойынша ветеринарлық қызмет зертханалық зерттеулер үшін шабақтардың сынамаларын алды.

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы олардың қырылу қаупі және өлімі анықталған кездегі өзара іс-қимыл схемасына сәйкес барлық мүдделі органдарға хабар берді.

2022 жылғы 6 сәуірде Түркістан облысы бойынша Экология департаменті мен "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Арал филиалы су мен балықтан сынама алуды жоспарлап отыр.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды әзірленетін болады.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқыңыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров